Бас тақырып

Қарағандыда жатақханадан өрт шықты

2 сәуірге қараған түні Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің тоғыз қабатты жатақханасының бірінші қабатынан өрт шыққан. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1,5 шаршы метр аумақта қоқыс жанған.

Сурет облыстық ТЖД

– ТЖД күштері жатақханадан төрт адамды құтқарды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 19 минут ішінде сағат 00.35-те ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – ашық от көзі, – деп хабарлады ТЖД.

Өрттің аумағы үлкен болмағанына және құтқарушылардың жедел жұмысына қарамастан, зардап шеккен студенттер бар. 10 студент Х.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға және облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.

– Олардың ауруханаға түскен кездегі жағдайы тұрақты деп бағаланды. Қосымша тексеру жүргізіліп жатыр, содан кейін амбулаториялық емдеу тағайындалады, – деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button