Жаңалықтар

Қарағандыда жасырын есірткі зертханасы анықталды

Қарағанды қаласының Сортировка кентінде полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы анықтады. 28-30 жастағы күдікті ұсталды деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Іздеу барысында жалға алынған үйден келесі заттар табылды және тәркіленді:
• прекурсорлармен бір тоннадан астам зат;
• дайын «альфа-PVP» есірткісінің 52-ден астам келісі
• сондай-ақ психотропты заттарды өндіруге арналған жабдықтар: таразылар, миксерлер, кептіру құрылғылары, вакууматорлар, контейнерлер және басқа да құрал-жабдықтар.

Операция нәтижесінде нарыққа шамамен 173 000 доза синтетикалық есірткі шығуына жол берілмеген.
Сонымен қатар, жаңа қатысушыларды, оның ішінде азаматтық халық арасындағы курьер-«закладчиктерді» де қылмыстық әрекетке тартуға мүмкіндік берілмеген.

Қазір тергеу жүріп жатыр, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button