АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

Бүгіннен бастап Қарағанды ​​облысының әкімдігі Отбасы банкімен бірлесе отырып, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Баспананы Қарағанды қаласында орналасқан бірінші немесе екінші нарықтағы нысандардан таңдап алуға болады.

Сурет: dixinews.kz

Жаңа жоба жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, мәдениет қызметкерлеріне, спортшылар мен жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушыларына, ғылыми, әлеуметтік және коммуналдық мекеме қызметкерлеріне жеке баспана алу үшін жеңілдетілген қарыз алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама талаптары:

– үміткердің жасы 35-тен аспауы керек;

– таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі, өтініш берген кезде, соңғы бір жылдан кем болмауы тиіс;

– бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы шарт. 

Несие шарттары:

–  банктен алынатын қарыз бағасы 20 млн теңгеге дейін (егер мүліктің құны 20 млн теңгеден асатын болса, сатып алушы айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады);

– бастапқы жарна – 10%;

– несие бойынша жылдық мөлшерлемесі –  6%;

– несиенің төлем мерзімі – 19 жылға дейін. 

Тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтініштер 3-7 маусым аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.

Үміткер  Назарбаев даңғылы, 39а мекенжайы бойынша (қалалық әкімдік ғимаратындағы «Open Karaganda» кеңсесіне) құжаттарын өткізе алады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button