Жаңалықтар

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты

Республикалық маңызы бар «Алматы – Екатеринбург» тас жолында болған жантүршігерлік апаттан алты адам қаза тапты. Бұл оқиға Қарағанды қаласынан 20 шақырым жерде орын алды.

 

Кеше кешкісін аталған тас жолдың бойында келе жатқан Toyota Camry мен Nissan автокөлігі Қарағандыға 20 шақырым қалған жерде соқтығысады. Өкінішке қарай, оқиға орнында алты адам жан тәсілім еткен. Оның ішіндегі екеуі – екі көліктің жүргізушісі. Сонымен қатар, көлік ішіндегі кәмелет жасқа толмаған екі бала түрлі дене жарақатына байланысты ауруханаға жеткізілген.

Бүгінде аталған факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button