Бас тақырыпРуханият

Қарағандыда жамағатқа арналған діни кітаптар таныстырылды

Қарағанды қаласындағы «Қазыбек би» мешітінде жамағат үшін «Мүфтият» баспасынан жарық көрген ihsan.kz  діни кітаптардың тұсаукесері өтті.

Суреттер  «Қазыбек би» мешітінен

Кездесу барысында жамағат назарына «Ислам энциклопедиясы», «Бабалар ізімен» атты еңбектер мен Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалар жинағы ұсынылды. Бұл кітаптар – діни сауатты арттыруға, ұлттық рух пен ислам құндылықтарын терең түсінуге бағытталған.

Іс-шара кезінде имам Асылхан Нұртайұлы әр кітаптың мазмұнына жеке тоқталып, олардың діни-ағартушылық мәнін кеңінен түсіндірді. Жамағат көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, пайдалы ақпаратқа қанықты.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button