Қарағандыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алаңында бір адам мерт болды
Қарағандыда салынып жатқан көпқабатты үйде лифт құлап кетті. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр. Оқыс оқиға “Build Invest” құрылыс компаниясы салып жатқан “Медина” тұрғын үй кешенінде болған.
— Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиға бойынша, байқаусызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жай анықталуда», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен екінші жұмыскердің жағдайы туралы мәлімет берді.
— Бір пациент профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жан сақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, — деп мәлімдеді ведомстводан.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА