АймақБас тақырыпҚарағанды
Қарағандыда жаңа жылдық демалыс күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді?
Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар төрт күн демалады. Қалалық қоғамдық көліктер 31 желтоқсан жұмыс күнінің кестесі бойынша сағат 20:00-ге дейін жүретін болады (бұл уақытта соңғы пункттерде рейстер аяқталады), деп хабарлайды Қарағанды әкімдігі.

2025 жылдың 1 қаңтарында автобустар сағат 10:00-де желіге шығады және қысқартылған режимде жұмыс істейді (яғни рейстер арасындағы аралықтар артады).
2 және 3 қаңтар күндері қоғамдық көліктер қысқартылған кесте бойынша – демалыс күндерінің кестесі бойынша жұмыс істейтін болады.
4 қаңтарда автобустар маршруттарға толық құрамда шығады және демалыс кестесі бойынша жүреді.
5 қаңтардан бастап қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істейді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz