Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда Жаңа жылдағы мерекелік шаралар басталды

Құрметті өңір тұрғындары, назарларыңызға жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың тізімін ұсынамыз.

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО

30 желтоқсан сағат 11:00-де Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Жаңа жылдық құттықтаулар» Қала тұрғындарына арналған бейнебаян көрсетілімі өтті.

31 желтоқсан сағат 23:50-де Орталық мәдениет және демалыс паркінің тұрақты сахнасында «Мемлекет басшысының Жаңа жылдық құттықтауын тікелей трансляциялау» өтеді.

1 қаңтар сағат 00:15-те  Орталық мәдениет және демалыс паркінің тұрақты сахнасында диджей Style би кеші өткізіледі.

1 қаңтар сағат 1:00-ден 3:00 ге дейін Орталық мәдениет және демалыс паркінің тұрақты сахнасында Жаңа жылдық концерттік бағдарлама өткізіледі.

1 қаңтар  сағат 1:00-де Орталық мәдениет және демалыс паркінің жағалауында  Жаңа жылдық фейерверк ұйымдастырылуда.

1 қаңтар сағат  1:00-де Қазақстанның 50 жылдығы паркінде (Майқұдық) «Қош келдің, Жаңа жыл!» концерттік бағдарламасы, 01:00-де отшашу шашылады.

1 қаңтар сағат 00:30-дан 3:00-ге дейін «Жастар» мәдениет үйінің алаңында «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік бағдарламасы, 02:00-де фейерверк өткізіледі.

1 қаңтар сағат  00:30-дан 3:00-ге дейін Теміржолшылар мәдениет сарайының алаңында халыққа арналған «Төрімізге ен, Жаңа жыл!»  жаңа жылдық түнгі қойылым, сағат 02.00-де отшашу ұйымдастырылады.

1 қаңтар сағат 00:00-де ту бағанасы алаңында фейерверк ұйымдастырылады.

Ерік НАРЫН
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button