Қарағандыда Жаңа жыл отшашуын қай жерден тамашалауға болады?
Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарын 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні ерекше мерекелік көңіл күй күтеді. Қалада ауқымды ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, музыка ойнап, түрлі алаңдарда отшашулар жарқырайды.

Қарағанды қаласы әкімдігінің “Мәдениет және демалыс парктерін басқару” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мәліметінше, Жаңа жыл түні сағат 01:00-ден 03:00-ге дейін Орталық парктің бас сахнасында, Майқұдық паркінде, Теміржолшылар мәдениет сарайы алдындағы алаңда және «Молодежный» мәдениет үйі алаңында мерекелік бағдарламалар өтеді. Шара барысында Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтары көңілді ән мен думанды кештің куәсі болады.
Атап айтқанда, сағат 00:00-де флагшток маңында мерекелік салют атылады. Ал 01:00-де Орталық парк жағалауында және Майқұдық паркінде отшашу көрініс табады. Сағат 02:00-де «Молодежный» мәдениет үйі мен Теміржолшылар мәдениет сарайы алаңдарында салют атылады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



