Жаңалықтар

Қарағандыда жаңа медициналық мекеме ашылды

Қарағандыда МЖӘ бойынша тағы бір жаңа емхана іске қосылады. Оңтүстік-Шығыс тұрғындары жақын жерден медициналық көмек ала алады. № 15 екі қабатты емхана 30 мың тұрғынға есептелген.

– Аудан кеңейіп, жаңа тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жас отбасылар да көп. Әрине, қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар үшін жаңа емханалар ашылуда. Біздің мекеме 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды. Қазір халықты тіркеу науқаны жүріп жатыр, – дейді № 15 емхананың директоры Роза Разиева.

Дәрігерлерге ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға МРТ, КТ, рентген, маммограф, флюорограф, бес ультрадыбыстық аппарат көмектеседі.

Емханада күндізгі стационар, амбулаториялық хирургия орталығы, педиатрия бөлімшесі және әйелдер денсаулығы орталығы жұмыс істейтін болады. Соңғысын қаланың барлық дерлік емханаларынан кезестіре алмайсыз. Мұнда отбасын жоспарлау кабинеті мен жүкті әйелдерге арналған мектеп ашылады. 

Сондай-ақ медициналық мекемеде кардиологиялық, неврологиялық және травматологиялық аурулары бар балалар мен ересектерді кешенді оңалту мүмкіндігі пайда болады.

Пациенттерге жаттығу терапиясы, физиотерапия, массаж, су терапиясы қол жетімді болады. Медициналық көмек МӘМС бойынша тегін көрсетіледі. Емхананың мекен-жайы: Құрылысшылар даңғылы, 6/4.

gov.kz

Басқа материалдар

Back to top button