Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда жаңа форматтағы IT-мектеп ашылады

Қарағанды облысында ақпараттық технологиялар саласына мамандар даярлайтын жаңа IT-мектеп ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің өңірге жұмыс сапары барысында айтылды.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

Жаңа білім беру жобасы IT-мамандарды нөлден бастап даярлауға бағытталған. Оқыту дәстүрлі дәрістер мен классикалық мұғалімдерсіз жүргізіледі. Білім беру процесі «тең теңімен» қағидатына негізделіп, жобалық жұмыс, геймификация және әр оқушының жеке оқу қарқынын ескеруді көздейді.

IT-мектептің басты мақсаты – жастардың практикалық дағдыларын ерте қалыптастырып, өңірдің цифрлық экономикасына қажетті кадрлар даярлау. Жоба Қарағанды облысында цифрлық трансформацияны күшейтуге бағытталған бастамалардың бірі.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button