Жаңалықтар
Қарағандыда жүргізуші көлікпен бірге тірідей жанып кетті
Жантүршігерлік жол апаты кеше, 28 маусым күні Федоровка су қоймасы жанында сағат 18.00 шамасында болған. Жүргізуші көлікті басқара алмай ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранып, жүргізуші сол жерде қайтыс болған.

– 28 маусымда сағат 18.00 шамасында Федоров су қоймасына барар жолда 41 жастағы “Mercedes benz” автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, ағашқа соқтығысқан. Бұл көліктің өртенуіне себеп болып,нәтижесінде жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процесуалдық шешім қабылданатын болады, – дейді облыстық ПД мамандары.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz