Қарағандыда және облыстың басқа қалалары мен аудандарында жаңа жылдамдық өлшегіштер орнатылады
Қарағанды облысының полиция департаменті 1 мамырдан бастап Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Абай және Бұқар жырау аудандарында жаңа жылдамдық өлшегіштер жұмыс істейтінін хабарлады.
Полицейлердің мәліметінше, Қарағанды облысында жол ережесін бұзуды есепке алатын 110 кешен болса, оның 94-і жылдамдықты, ал 16-сы бағдаршамда ереже бұзушылықты бақылайды. Полицейлер соңғы үш айда облыста жол-көлік оқиғасы 17,5 пайызға, ал қаза болғандар саны 66,7 пайызға артқанын хабарлады. Жол-көлік оқиғаларының жартысына жуығы жылдамдықты арттыруға байланысты (67 жағдайдың 31-і). Жылдамдық нормасының сақталуына ықпал ету үшін облыста 1 мамырдан бастап осындай тағы 38 жүйе жұмыс істей бастайды. Оның 26 –ы жылдамдықты реттеу үшін, 12-і бағдаршамда. Жаңа жылдамдық өлшегіштер Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран қалаларында және облыстың екі ауданында пайда болады.
Жаңа жылдамдық өлшегіштердің орнатылатын жері
Қарағандыда: Попов көшесінде 15-ші трассадан шіркеуге дейін жаяу жүргіншілер өткелінің жанында; «Екінші шахта» аялдамасы (жылдамдық шегі 60 км/сағ); 15-ші трассада, Пришахтинск жағынан «Оазис» кафесінің жанында (жылдамдық шегі 60 км/сағ); Бұқар жырау даңғылында Қазпоштадан кейін екі бағытта (жылдамдық шегі 60 км/сағ); Республика даңғылында Отырар мейрамханасының жанында екі бағытта (жылдамдық шегі 60 км/сағ); Республика даңғылында ғибадатханаға қарай, Степной-1 ықшам ауданы, 46 ғимарат (жылдамдық шегі 60 км/сағ).
Теміртауда: Мичурин көшесі, 8А, UP Теміртау маңында (жылдамдық шегі 50 км/сағ); Мичурина көшесі, 3А (жылдамдық шегі 50 км/сағ); – Республика даңғылы, 130 ғимарат, ҚарГРЭС маңында екі бағытта (жылдамдық шегі 60 км/сағ); Мира даңғылы, 145, «Адмирал» дүкені ауданында (жылдамдық 50 км/сағ); Абай көшесі, 58 (жылдамдық шегі 50 км/сағ).
Балқаш қаласында: Сәбитов ықшам ауданы, Қадыржанова көшесі, 35 бойында екі бағытта (жылдамдық шегі 60 км/сағ); Спицына көшесі, 3 екі бағытта (жылдамдық шегі 60 км/сағ); Ағыбай батыр көшесі, 76 екі бағытта (жылдамдық шегі 60 км/сағ); Иванов көшесі, «Медами» мейрамханасы екі бағытта (жылдамдық шегі 60 км/сағ).
Саран қаласында: «Қарағанды-Саран-Шахтинск» облыстық тас жолының 5-ші шақырымы (жылдамдық шегі 60 км/сағ).
Абай ауданы бойынша: Қарағандыдан Абай қаласына кіре берісте (жылдамдық шегі 60 км/сағ); Қарабас ауылында тас жолдың 912-шақырымында (жылдамдық шегі 40 км/сағ).
Бұқар жырау ауданында: Республикалық «Қарағанады – Аягөз – Бұғаз» автожолында, Ботақара ауылы, Бұқар жырау көшесімен қиылысы Торайғыров атындағы мектеп жанындағы (жылдамдық шегі 40 км/сағ).
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.