Бас тақырып
Қарағандыда жүк вагондары рельстен шығып кетті
Аймақтағы Шұбаркөл станциясында жүк вагондары релстен шығып кетті. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметіне сүйенсек, оқиға кеше орын алған.

– 3 қарашада сағат 03:45-те жеке меншік жол бойында «Шұбаркөл Көмір» АҚ станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті, – делінген хабарламада.
Локомотив жекеменшік тасымалдаушыға тиесілі. Аталған құрамды жеке компанияның локомотив бридасы басқарған.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы апат өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмегенін мәлімдеді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz