Қарағандыда «Zeket Hub» орталығы ашылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанынан Zeket Hub орталығы ашылды.
Салтанатты рәсімге қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы, қордың облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы қатысты. «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры мұндай орталықтардың мұқтаж адамдарға көмек көрсетуде маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы орталықпен таныстырып, алдағы уақытта осы орталық арқылы қайырымдылық істер жандана түсетінін тілге тиек етті.
Орталықтың негізгі қызметі – әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.
Облыстық мешітте өткен салтанатты шарада Мақсатбек Мақсотұлы Қарағанды өңіріндегі жүйелі жұмыстар нәтижесімен танысып, осы қарқыннан таймауға үндеді. Сондай-ақ, алда келе жатқан Құрбан айтта атқарылуы тиіс қайырымдылық шаралары мен жүзеге асырылатын жобалар талқыланып, дайындықтары пысықталды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА