Бас тақырып

Қарағандыда зейнеткер аса ірі көлемде есірткімен ұсталды

Қарағандыға оңтүстік өңірлердің бірінен пойызбен келген 75 жастағы зейнеткерден ірі көлемде есірткі табылды. Жеке тексеріс барысында зейнеткердің қол жүгінен өсімдік тектес есірткі заттары – шамамен 20 келі марихуана мен гашиш анықталды.

Сурет polisia.kz

Онымен қоса, күдіктіге тиесілі вокзал маңында тұрған автокөлікті қарау кезінде багаж бөлімінен қаптап оралған екі ірі брикет табылды. Сараптама олардың да марихуана екенін растады. Жалпы алынған есірткінің салмағы 20 келіні құрады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша есірткінің заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық жай-жапсарын анықтап жатыр. Сондай-ақ, полиция тәркіленген заттардың Қарағандыда таратылуға ма, әлде басқа өңірлерге жөнелтілуге ме арналғанын тексеруде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button