Қарағандыда үздік шабандоздар сайысқа түсті
Қарағандыда ұлттық спорт түрлерінің республикалық фестивалі-2019 аясында ат жарысы өтті. Акция Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған. Оның мақсаты – қазақ ұлттық ойындардың ерекшелігі мен жарқындығын көрсету.
Сайыс шеңберінде облыстың жас спортшылары тоғызқұмалақ пен қазақ күресі бойынша жарысып, балалар «көңілді старттар» эстафетасына қатысты. Олар тірі лақты аулап, жерден садақ атып, асық ойнады.
Қалалық жарыстар ат спорты базасында өтті. Додаға қатысушылар жамбы ату, теңге алу, аударыспақ секілді күрделі және ойын-сауық спорт түрлері бойынша өзара бақ таластырды. «Қайрат» ұлттық және ат спорты түрлері мектебінің тәрбиеленушілері мен аула клубтары мүшелерінің алдында спорт шеберлері мен чемпиондар өнер көрсетті.
– Мен бала кезімнен атқа мініп, ауылда өскенмін. 2014 жылы Таразға Монғолиядан келген бапкерлер келді. Мен оған арнайы барып, шеберлік курсын алдым. Өткен жылы Астанада халықаралық турнирде мен бірінші орынға ие болдым. Венгрияда өткен жарыста жеңіске жеттім. Қырғызстандағы көшпенділер ойындарында біз үздіктердің қатарында болдық, – деді спорт шебері, жамбы ату бойынша Қазақстан чемпионы Талғат Омарбаев.
Қарағандыда өткен фестивалде 300-ге жуық спортшы бақ сынады.