Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін жүргізген дәмхана анықталды
Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қала дәмханаларының бірінің жертөлесінде ақша үшін покер ойынын ұйымдастырған топтың заңсыз әрекетін анықтады. Дәмхананы тінту кезінде олардан: покер, чип, карта ойнауға арналған арнайы ойын үстелі, ойынға қатысушылардың ұялы телефондары, ноутбук, бейнетіркегіш, жазбалары бар блокноттар және басқа да керек-жарақтар табылып, тәркіленді.
– Аталған факті бойынша Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша («Адамдар тобының заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, сотқа жолданды, сот үкімі күтілуде, – деп хабарлады ведомстводан.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Видео: Экономикалық тергеу департаментінен