Қарағандыда заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді
Облыстық прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, шетелдіктерге 700-ден астам уақытша тұруға рұқсатты заңсыз беруді ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті.

Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметінше қылмыстық топ құрамында халыққа қызмет көрсету орталықтарының, медициналық мекемелердің қызметкерлері болған.
– Аталған заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі облыстық прокуратураның Қылмыстық іздестіру басқармасында тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу басқармасына жолданды. Қазіргі уақытта үш айыпталушының ісі сотқа жіберілді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201- бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты қалған мәліметтер жария етуге жатпайды,- делінген Қарағанды облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.