Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда елікті заңсыз атқандар ұсталды

Қарағандыда түнгі сағат 2 шамасында елік атқан 48 және 40 жастағы екі қала тұрғыны ұсталды. Қарағанды облысында табиғатты қорғау полициясы мен «Карохотрыбпром» ЖШС аңшы инспекторлары түнгі рейд кезінде заңсыз аңшылық фактісін тіркеді.

Сурет uralskweek.kz

Тексеру барысында олардың тек бір лицензия рәсімдеп, оны тіркетпегені анықталды. Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің айтуынша, бұл – аңшылық ережелерін өрескел бұзу болып саналады.

Оқиға орнынан екі еліктің тушасы, бір ұңғылы мылтық және бірнеше патрон айғақ зат ретінде тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button