Қарағандыдағы жаппай улану: тағы бір бала қайтыс болды
1 тамыз күні Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында улану фактісі тіркелген болатын.
Салдарынан мүмкіндігі шектеулі бір бала қайтыс болып, алтауы жансақтау бөліміне түскен.
Бүгін жансақтау бөліміндегі бір бала қайтыс болды.
– Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір науқасты құтқару мүмкін болмады. Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында 2012 жылы туған бала 28 тамызда қайтыс болды. Бастапқыда баланың жағдайы өте ауыр болды. Терапия тактикасы республикалық мамандармен үнемі талқыланып отырды. Өлімнің себебі жүрек жетіспеушілігі, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр.
Уланудың себебі әлі анықталған жоқ.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz