Бас тақырып

Қарағандыдағы жағдай арнайы прокурорлар назарында

Мұның алдында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі балалардың тамақтан улануына байланысты тергеу басталғанын мәлімдеген еді. 31 шілде күні Қылмыстық кодекстің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Қылмыстық іс Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорларының бақылауында. Сондай-ақ, тергеуге құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылып, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғаны айтылған. Тергеу шеңберінде жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 11-17 жас аралығындағы 160 бала бар. Зардап шеккен 14 баланың алтауы – жетім, төртеуі толық отбасынан. Тағы төртеуінен ата-анасы бас тартқан. Орталық тұрақты күтім мен медициналық қызметке мұқтаж психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Автордың «Кінәлілер жазадан құтылмайды» атты мақаласынан.

Басқа материалдар

Back to top button