Жаңалықтар

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Оқиға 21 қаңтар күні сағат 18:51-де Щорс көшесі, 37 үйде 2 қабатты тұрғын үйде газ баллоны (көлемі 5 л) жанбай жарылып, одан кейін №6 пәтер (2-қабатта) және жартылай №4, 5 (2 қабатта) және 3 пәтерде (1-қабатта) алдын ала алаңы 36 шаршы метр аумақта ағаш төбесі мен қалқалар опырылған.

Сурет: облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Салдарынан 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел адам дене жарақатын алып, олар күйік жарақатымен Қарағанды ​​қаласының облыстық медициналық орталығына жатқызылды.

Оқиға орнына ТЖД күштері (36 қызметкер мен 8 техника) жұмылдырылды.

Құтқарушылар құлау қаупі бар құрылыс бөлшектерін демонтаждау бойынша жұмыс жүргізді.

Қала әкімдігі баспаналары бүлінген тұрғындарға жатақханадағы орындарды ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button