Қарағандыдағы мерекелік жәрмеңкеде 600 тоннадан астам өнім ұсынылады
19-30 қазан аралығында Республика күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері облыстың 14 қала және кентінде өткізіледі.

– Жәрмеңкелерге 7 ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеу кәсіпорындары өнімдерін белгіленген кесте бойынша жеткізеді. Жалпы, жәрмеңкелерде 600 тоннадан астам өнімді, соның ішінде, 110 тоннадан астам ет, 300 тоннаға тарта картоп, 96 тонна көкөніс, 30 тоннадан астам сүт, 27 тонна шұжық өнімдері, 12 тонна балық, 335 мың данадан астам жұмыртқа және 36 тоннаға тарта басқа да өнімдерді сату жоспарлануда. Өнімдер, өңірімізде қалыптасқан орташа нарықтық деңгейден 15-20%-ға арзан бағада сатылуын жергілікті әкімдіктер қадағалайды, – деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Төлеубеков.
Аяулым СОВЕТ