Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда әлеуметтік дүкендерге келушілер көбейген

Қарағанды облысында әлеуметтік дүкендер ашылғалы халықты сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамту жұмысы жүйелі жолға қойылды. Жергілікті халық әлеуметтік дүкендердің ашылғанына бек қуанышты. Өйткені бұл жерде табиғи жаңа өнімді тікелей өндірушіден әділ бағамен сатып алу қарастырылған.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау көзделгендіктен, өнімдер фермерлерден белгіленген бағада тікелей сатып алынады. 

Осылайша әлеуметтік павильондар желісі делдалсыз, тиімді бағамен дамып жатыр. 

Осы орайда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріндегі тауарлар бағасы да нарық бағасынан 15–20% арзан бағамен ұсынылуда. 

Мұның нақты мысалын Шет ауданы фермерлерінің ет өнімдерін Қарағандыдағы жаңа әлеуметтік павильонға жеткізуі арқылы көруге болады. Қала тұрғындары табиғи, жаңа өнімді тікелей өндірушіден әділ бағамен сатып алуда.

–Шет ауданының өнімдерін ұсынатын әлеуметтік дүкеннің ашылғаны қарт кісілерге өте ыңғайлы. Азық-түлік тауарларының арзан бағамен ұсынылғаны тиімді. Әсіресе, сүт өнімдері, ет, жеміс-жидектерді қолжетімді бағада алуға мүмкіндік қарастырылған, – дейді жергілікті тұтынушы Виктор Савидович.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button