Жаңалықтар

Қарағандыдағы «Әл-Машани» мешітінің жанындағы жылу желісінен су атқылады

Қарағандыда №1 қалалық ескі мешітке жақын жылу желісі жарылып, су атқылады. Салдарынан жақын жерде тұрған көліктер де су астында қалды.

 

– Жылыту маусымы тоқтағанда «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жылу желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізеді. Сол кезде Оазис-3 ауданындағы құбырда диаметрі 800 мм ақау пайда болып, нәтижесінде су атқылаған. Қазір учаскеге су жіберу тоқтатылды, ол жазғы жөндеу жоспарына енгізіледі, – деді компания өкілдері.

Жыл сайын жылу желілеріндегі ақаулы жерлерді анықтау үшін гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Бұл жылыту кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін қажет.

– Тестілеу кезеңінде қаланың сынақ жүргізілетін бөліктерінде ақаулар пайда болуы мүмкін. Көліктерді жылу желілерінің жанында қалдырмаңыздар, – деп ескертті «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС қызметкерлері.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button