Жаңалықтар
Қарағандыдағы Федоров су қоймасынан сынама алынды
Облыстық Экология департаментінің қызметкерлері тәжірибелі мамандармен бірге Федоров су қоймасынан сынама алды.
Тексеру жұмыстарына шыққан комиссия құрамында Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары болды. «Қарағанды су қоймалары», «Қарағанды су» кәсіпорнының өкілдері де комиссия құрамында бар. Олар Федоров су қоймасына тексеру жұмыстарын жүргізіп, судың тазалығын тексерді. Әрі судың иісінде, ағынды сулардың бар-жоғын анықтады. Мұндай мәселенің жоқтығына көз жеткізген арнайы топ судың құрамын зерттеу мақсатында сынама алды. Нәтижелері алдағы уақытта белгілі болады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz