Жаңалықтар

Қарағандыдағы балалар пойызының бағыты зообаққа дейін ұзартылмақ

Қарағанды қаласының Орталық саябағын кешенді жаңғырту аясында балалар теміржолы да толық жаңартудан өтеді. Биыл бұл нысан қайта жөнделіп, теміржол бағыты 807 метрге ұзартылып, тікелей Қарағанды зообағына дейін жеткізіледі. 

Сурет облыс әкімдігінен

Сонымен қатар, екі жаңа жолаушы вагонын сатып алу жоспарланған. Бұл келушілерге жайлы жағдай жасап, жазғы маусымда жолаушыларды қабылдау мүмкіндігін арттырады.

Жоба жұмыстарына қатысты саябақты дамыту тұжырымдамасы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа облыс орталығын дамыту мәселелеріне арналған арнайы кеңесте таныстырылды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button