Бас тақырыпМедицина

Қарағандыдағы ауруханаға елде жоқ құрылғы қойылды

Облыстық клиникалық ауруханасының консультативтік-диагностикалық орталығына жаңа заманауи бодиплетизмограф аппараты орнатылды. Аталған құрылғы өкпе функцияларын жан-жақта зерттеп, қарауға мүмкіндік береді. Бұдан былай ем қабылдаушылар міндетті әлеуметтік сақтандыру арқылы тегін өтетін болады. Тек, емдеуші дәрігердің жолдамасы болса ғана жеткілікті.

Суреттер денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Аппарат арқылы өкпенің көлемін өлшеп, тыныс алу жолдарының бітелуін анықтауға болады. Тыныс алу жүйесі ауруларын диагностикалау мен бақылау үшін таптырмас құрылғы. Емделуші процедурадан жеңіл өтеді. Ал, аппараттың адам ағзасына кері әсері жоқ.

– Аппарат компьютерлік томографиядан бұрын кеуде қуысының функционалдық бұзылуын анықтайды. Өкпенің функцияларын тереңірек зерттеуге арналған. Атап айтқанда, ол қанның оттегімен қанығуын тікелей анықтайды. Өкпедегі өзгерістер болса, газдардың диффузиясы, газ алмасуын көрсетеді.Тексеруден кез-келген облыс тұрғыны өте алады. Бірақ пульмонологтар нақты диагнозы бар науқастарды жіберіп жатыр. Олар өкпенің интерстициальды ауруы бар азаматтар. Ауыр обструктивті өкпе ауруына шалдыққандар. Бронхиалды астмамен, жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясымен сырқаттанғандар, – деді консультативті-диагностикалық емхананың меңгерушісі Ляззат Шоланова.

Айта кетейік, қазіргі таңда осындай аппарат тек Астанада ғана бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button