АймақҚарағанды

Қарағандыдағы қапталмаған құбырлар пәтерлердің жылу жүйесіне әсер ете ме?

Аймақта орталық жылытуға 4690 үй қосылған, олардың жартысына жуығы көпқабатты тұрғын үйлер. Қарағанды жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 448 шақырымды құрайды. Ал, 2020 жылы аудит бойынша коммуникациялардың тозуы 71,2%-ды құраған. Сонымен қатар, жылу құбырларының оқшауланбауы үлкен мәселе болып тұр. Бұл қаладағы жылу шығынына әкеледі және экологияға әсер етеді.

Сурет egemen.kz

Жыл сайын қалалық желілерде жөндеу жұмыстары қайта жаңартылып, жүргізіледі. Бұл ұзақ уақытты талап ететін және өте көп шығын әкелетін процес. Ол қолданыстағы магистральдардың жағдайын жақсартуға ықпал етпейді.

Сондай-ақ, қаладағы тағы бір мәселелердің бірі қапталмаған жылу желілері. Алайда, Қарағандыда жылу желілерін оқшаулап, қалпына келтіру — тозған немесе ұрланған жылу оқшаулауын жаңарту-монополистің тарифтік сметасына кірмейді. Сондықтан бұл жұмыстар мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша қосымша қаржыландырумен ғана жүргізіледі. Құбырды ауыстыру немесе күрделі жөндеу жүргізілетін учаскелерде жылу оқшаулау автоматты түрде орындалады.

Жылу оқшауланған жүйеде де ең аз жылу шығыны 20%-ды құрайды, бұл қызмет сапасына әсер етеді, ол үшін қарағандылықтар қомақты қаражат төлейді. Жылу жолының дұрыс оқшаулануы шығындарды азайтуға, жылуды сақтауға және жабдықтар мен коммуникацияларды мерзімінен бұрын тозудан қорғауға мүмкіндік береді. Жылу оқшаулау жылу шығынын толығымен жоя алмайды, бірақ оларды айтарлықтай азайтады. Оқшауланбаған құбырлар – бұл барлық қаланың жылу желілерінің үлкен проблемасының кішкене бір бөлігі ғана. Бұл жұмыстар кейде ондаған жылдарға созылған құрылымдардың тозуына байланысты орындалмайды. Жылыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін оқшаулап қана қоймай, сонымен қатар жылу трассасының тозған жерлерін ауыстыруды қамтитын кешенді тәсіл қажет.

– Құбырлар оқшауланбағандықтан, кейбір пәтерлер суық. Қалада мұндай үйлер көп. Жылу жетіспейді, бірақ оны ешкім жасамайды. Бұл жұмыс жүргізілмегендіктен, қалада қанша қапталмаған құбыр бар екенін ешкім есептемейді. Өндірушілер көмірді бекер пайдаланады, оған ақша жұмсайды, ол үшін бізден ақша алады, ал біз ештеңе істемейміз, шыдаймыз, — дейді облыстық Экомузейдің директоры Дмитрий Калмыков.

Айта кету керек, өткен жылы Қарағандыда жылу магистральдарын анықтау бойынша акция өткізілді. Осыған байланысты қала тұрғындарының қанша ақша жоғалтқаны туралы плакаттар ілінді. Сондай-ақ, қарағандылықтар шағым түсіре алатын QR-кодтар орналастырылды. Алайда оны тұрғындар қолданбаған.

– Біз оларды іліп қойдық, аудандық әкімдіктердің телефон нөмірлері көрсетілген сайтқа кіруге болатын QR-код болды. Біздің білуімізше, бұл ақпаратты ешкім пайдаланбаған, немқұрайлылық танытты. Бұл халықтың жалпы пассивтілігін білдіреді. Әлеуметтік белсенділік, тіпті қолжетімді мүмкіндіктер мен заңдар шегінде де төмен. Егер сіз жасамасаңыз, ештеңе өзгермейді. Жеке әлеуметтік белсенділік өсуде, бірақ өте баяу. Бірақ сіз үшін ешкім ештеңе жасамайды, – деп бөлісті Дмитрий Евгеньевич.

Магистральдық құбырларды пайдалану көмірқышқыл газы мен метан сияқты парниктік газдар шығарындыларының көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Бұл жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруіне әкеп соғады.

Рузана ҚУАНЫШҚЫЗЫ,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің IV курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button