Қарағандыда «Тіл мерейі» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

– Қазақ тілі бүгінде мүмкіндіктер тіліне айналып келеді. Әрбір азамат осы маңызды қоғамдық үдерістің бір бөлшегі екенін сезінуі керек, – деді «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің тілшісі Қайныш Бұхарбай.
«Тіл білгірі» атағы қазақ тілін еркін меңгеріп, өлең жазып жүрген Владислав Горизановқа берілді. Ал «Жас полиглот» номинациясында сегіз тілді меңгерген жас оқытушы Ескендір Мұратов жеңіске жетті.
Биыл алғаш рет «Мемлекеттік тіл – бизнесте» номинациясы енгізілді. Оның алғашқы иегері атанған медицина саласындағы кәсіпкер Жанара Нұржан кәсіби қызметінде мемлекеттік тілді кеңінен қолданып, оны ілгерілетуге үлес қосып келеді. Мерекелік шара «Ұлтқа қызмет» спектаклімен басталды. Қаладағы шығармашылық ұжымдар көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ