Жаңалықтар

Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өтеді

2019 жылдың 26-28 маусым аралығында Қарағандыдағы «Спасск» полигонында «Сары-Арка-Антитеррор-2019» Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерінің құзыретті органдарының терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулары өтеді.

Көрнекі сурет

Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы оқу-жаттығу кезінде қала аумағының жекелеген жол учаскелерінде жүрудің шектелетіндігін хабарлайды. 

“Қарағанды қаласы қонақтары мен тұрғындарының сабырлық сақтап, үрейге бой алдырмауын сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Back to top button