АймақБас тақырыпҚарағанды
Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өтеді
29 қараша күні Қазыбек би ауданының (Абай және Крылов көшелері, орталық саябақ) аумағында терроризмнің шартты актісінің жолын кесу және оның зардаптарын жою бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді.
Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қарағанды облыстық жедел штабының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру болып табылады.
Қала қонақтары мен тұрғындарынан тыныштық сақтап, қорықпауларын және дүрбелеңге түспей сабыр сақтаулары сұралады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz