Жаңалықтар
Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би және Октябрь аудандарында терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.

Шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабының алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті күш пен құралдардың дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығулар шынайы ұрысқа жақын жағдайда өтеді.
Қала қонақтары мен тұрғындарын сабырлық сақтап, үрейге бой алдырмауын сұраймыз.
Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы