Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда қарақат көшеттері тегін таратылуда
Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты қаланы көгалдандыру мақсатында тұрғындарға қарақат көшеттерін тегін таратуда.

-Үш мыңға жуық қарақат көшеттерін аула аумақтарына отырғызу үшін бөлдік. Ең бастысы тұрғындар күтіп-баптаса болды, әр адамға 10-12 көшеттен тегін береміз, – деді Қазыбек би ауданының әкімі Ералы Оспанов.
Аудан тұрғындарына жексенбіге дейін қарақат көшеттерін «Жеңіс» саябағынан алуға болады. (Республика даңғылы, 40). Сондай-ақ әкімдік қарағандылықтардан көшеттер кеуіп қалмас үшін оларды дереу отырғызуды сұрайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.