АймақБас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Қарағандыда «Таза Қазақстан» аясында көктемгі тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Таза Қазақстан жалпыұлттық жобасы аясында Қарағанды қаласында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Суреттер ұйымдастырушылардан

 

Қазіргі уақытта қала көшелеріндегі тротуарларды қысқы кезеңде пайдаланылған құм мен көктайғаққа қарсы қоспалардың қалдықтарынан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл шаралар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қаланың эстетикалық келбетін жақсартуға да бағытталған.

Screenshot

Тазалық жұмыстары жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, іргелес аумақтарды және адам көп шоғырланатын учаскелерді толық қамтып отыр. Коммуналдық қызметтер арнайы техника мен жұмыс күшін тарта отырып, күн сайын белгіленген кестеге сәйкес жұмыстарды жүзеге асыруда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button