АймақҚарағанды

Қарағандыда «Таза ауа» акциясы жүруде

19-20 қыркүйек аралығында Қарағанды облысы бойынша экология департаменті Қарағанды қаласының прокуратурасымен бірлесіп «Таза ауа» акциясын өткізді. Облыстық экологтар автокөліктерден шығатын зиянды түтін деңгейін өлшеді.

Көліктер қазіргі таңда қалалардағы көміртегі тотығымен, азот оксидтерімен, альдегидтермен, көмірсутектермен, соның ішінде канцерогендермен, қорғасын қосылыстарымен және т.б. ластаудың маңызды көзі болып табылады.

Экология департаментінің Қарағанды облысы бойынша зертханалық-аналитикалық бақылау басқармасы жыл сайын мамыр-қазан айлары аралығында Қарағанды полиция басқармасымен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізеді. Осы іс-шара аясында автокөліктерден түтін нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылған газдарды өлшеу жүргізіледі. Нормадан асып кеткен көлік құралдарын тексеру нәтижелері бойынша Қарағанды қаласы ӘҚБтК-нің 334-бабы бойынша 16 хаттама толтырылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button