Қарағандыда Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылады
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, биыл Қарағандыда Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылып, студенттерді қабылдайды. Аталмыш колледжге конкурс негізінде 9-сынып түлектері оқуға түсе алады.

Болашақ әскери қызметшілер даярланатын мамандықтар:
• Зымыран әскері және артиллерия бөлімшелерін басқару;
• Киім-кешекпен қамтамасыз ету;
• Азық-түлікпен қамтамасыз ету;
Әскери колледжде оқудың артықшылықтары:
• Мемлекеттік стипендия;
• Әскери ант қабылдау және әскери билет алу;
• Оқу кезеңінде әскери қызметке арналған келісімшарт;
• Оқуды аяқтағаннан кейін 10 жыл әскери қызмет кепілдігі;
• Техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом;
• “Кіші сержант” әскери атағы беріледі;
• ҰБТ тапсырмай-ақ әскери институттарға қысқартылған мерзімде оқуға түсу мүмкіндігі (конкурс негізінде).
Колледжді аяқтағаннан кейін түлектер:
• Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде;
• ҰҚК Шекара қызметінде;
• ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде;
• Мемлекеттік күзет қызметінде;
• Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін болады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.