АймақЖаңалықтар
Қарағандыда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды
Қарағандыда полицейлер қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады.
Межелі жеріне жеткенде ол күтпеген жерден агрессивті әрекет жасап, жүргізушінің ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған. Оқиға орнынан қашып кеткен қарақшыны көп ұзамай полицейлер қолға түсірді. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, одан айғақ заттары тәркіленді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.