Жаңалықтар
Қарағандыда такси жүргізушісі 3 жыл 6 айға сотталды
Қарағанды полициясына құрылыс компаниясының прорабынан түнде белгісіз біреулер бригада салып жатқан нысанға кіріп, онда жалпы құны 383 мың теңге тұратын барлық электр құралдарын ұрлап кеткені туралы арыз түседі. Криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы такси жүргізушісін ұстады.
Одан заттай айғақтар алынып, ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Сот қылмыстық істі жеделдетілген тәртіпте қарап, қылмыс жасаған адамды үш жыл, алты айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.