Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда такси қызметінің бірыңғай реестріне 80-нен астам тасымалдаушы тіркелді

Енді Қарағандыдағы барлық такси қызметтері ресми тасымалдаушылардың бірыңғай реестріне тіркелу керек деп хабарлайды қала әкімдігі.

eGov.kz порталының «Көлік» бөлімінде такси тасымалдаушы қызметі туралы хабарлама орналастырылған. Барлық нысандарды толтырып, кәсіпорынның деректемелерін көрсетіп, «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жіберу қажет. Купонды жүктеп алғаннан кейін тасымалдаушы автоматты түрде тізімге енгізіледі. Бүгінгі таңда Қарағандыда 80-нен астам жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар «Е-лицензиялау» электронды порталы арқылы такси тасымалдаушысы қызметін бастағаны белгілі болды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button