Жаңалықтар

Қарағандыда тағы бір жылы аялдаманы сындырды

Қарағандыда вандалдар жылы аялдама павильондарын қиратуды тоқтатар емес. Бұл жолы бұзақылар «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйі маңындағы аялдаманың шынысын сындырған.

Бұл соңғы екі апта ішіндегі вандалдардың шабуылына ұшыраған үшінші жылы аялдама. Алғаш рет 2022 жылғы 25 желтоқсанда, әзірге белгісіз мас қарағандылық «Алтын Арба» базарының жанындағы жылы аялдаманың есігін талқандаған. Одан соң жаңа жылдан кейін есіктер сындырылып, 45-ші орам аялдамасын ластап кеткен.

Міне, тағы бір бұзылған аялдама, бұл жолы Майқұдықта.

Қарағандылықтар, әрине, қаланың кейбір тұрғындарының қоғамдық меншікке деген көзқарасына наразы. Келесі күні қатты аяз уәде етіледі. Температура -30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондай жағдайларда жылы аялдамалар ауадай қажет еді. Бірақ, бұзақылардың кесірінен қазір аялдамалары бұзылған қала тұрғындары көшеде тоңып тұруға мәжбүр.

«Тіпті айтарға сөз жоқ. Енді қатты аяздар болады, сондай аяздарда адамдар далада қатып тұрады. Басқалардың да бұндай әрекетке бармаулары үшін оларды тауып, заңдық тұрғыдан жазаға тарту қажет»,-дейді қала тұрғындары.

 Бұл факт полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта жауапкершілікке тарту үшін кінәлі адамды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button