Коронавирус

Қарағандыда тағы бір үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Қарағанды қаласы Шахтерлер даңғылы №31б үйдің үшінші кіреберісі карантинге жабылды. Бұған тұрғындардың бірінен  COVID-19 инфекциясының табылуы себеп болған. Бұл туралы облыстық тауарлар мен қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті  хабарлады. 

«Карантин 14 күнге созылады.  Кіреберіс тұрғындары медициналық бақылауға алынды. Пәтерлерге және кіреберіске дезинфекция жасалды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері үйді күзетуде. Тұрғындар үшін азық-түлік, бірінші қажеттіліктерді жеткізіп беру және қоқыс шығару қызметі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда сырқатқа шалдыққан азаматпен байланыста болған тұлғалар анықталуда. Карантин аяқталған соң тұрғындар қалыпты тұрмысына орала алады», — деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button