Жаңалықтар

Қарағандыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған акция өтуде

Қарағанды полициясы қоғамдық орындарда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңның күшіне енгенін хабарлап,  ол  үшін жазаның күшейгені туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ олар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына дағдарыс орталықтары, психологтар мен заңгерлер көмек көрсететінін түсіндірді.

Сурет пен видео облыстық ПД

– Мұндай шараларды жиі өткізіп тұру керек, адамдар жақынын ұрғанның жазасы барын, құзырлы қызметке жүгіне алатынын білуі керек, – деп өз ойын бөлісті қарағандылық Виктория Лисневская.

Ал, тұрғындар алдында сөз алған полиция бөлімінің мамандары:

– Жақындарыңыздың, көршілеріңіздің немесе достарыңыздың бақытсыздығына бей-жай қарамаңыз, оларға көмектесіңіз, көмек қолын созыңыз.  Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы үндемей қалуға болмайды, – деді.

 Акцияға полицейлермен  бірге Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.

 Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button