Бүгін Қарағандыда Б. Әшімов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің біріндегі автотұрақтың қосалқы бөлмесінен өрт шықты. Оқиға таңғы уақытта болған. Төтенше жағдайлар департаменті өрт дабылы таңғы сағат 06:27-де түскенін, тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 43 адамы мен 10 техника жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қосалқы бөлмеде тұрмыстық заттар мен дөңгелектердің жанып жатқанын анықтаған. Олар өрттің таралуына жол бермей, 6 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.