Ресми

Қарағандыда «Тәлімгерлер кеңесі» отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанында мемлекеттік қызмет ардагерлері  қатарынан тұратын  Тәлімгерлер кеңесі консультативтік-кеңесші органы  құрылды. Бүгінгі  таңда  Кеңестің  үшінші  отырысы өткізілуде. Отырыста жаңадан тағайындалған Қарағанды  облысының  ветеринария басқармасы және  Шахтинск қаласы құрылыс бөлімінің басшылары атқарылған жұмыстары  және  алға қойған жоспарлары туралы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Ortalyq.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Суреттер департаменттің баспасөз қызметінен

Тәлімгерлер кеңесіне  басшылықты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен және Мемлекеттік қызмет ардагері, Қарағанды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин тең төрағалық ету құқығымен жүзеге асырады.

Кеңес  қызметі  мемлекеттік органдардың жаңадан тағайындалған  бірінші  басшыларына кәсіби бейімделуіне практикалық көмек, жылдар бойы жинаған тәжірибелерімен бөлісу,  жұмыстың тиімді нысандары мен әдістеріне қатысты ұсынымдар беруге бағытталған.

Кеңес отырысында   аталған мемлекеттік орган басшыларының  тағайындалған сәттен бастап атқарған жұмыстары, алға қойған жоспарлары тыңдалып, мемлекеттік қызметшінің мәртебесін көтеруге бағытталған  ұсыныс, кеңестер берілетін болады.

Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен ұйымдастырған   іс-шараларға белсенді қатысуда.

Мәселен, мемлекеттік қызметшілер арасында диалогтық алаңдарын өткізу,  БАҚ сұхбат беру,  ұлттық ойын түрлерінен өткізілген жарысқа ат салысу,  жастармен бірлесіп экологиялық акцияларға   белсенді қатысуда.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button