АймақЖаңалықтарҚарағанды

Қарағандыда құтқарушылар терезе алдында отырған баланы аман алып қалды

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, C. Мұқанов көшесіндегі көпқабатты үйдің 5-қабатында ашық терезе алдында отырған баланы көрген көрші 112 нөміріне хабар берген.

Сурет ЖИ

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар дереу әрекет етті. Бір топ автосаты орнатып, екінші топ подъезд арқылы пәтерге кірді. Сол сәтте баланың анасы келіп, есікті ашқан.

Құтқарушылар 2018 жылы туған қыз баланы терезе жақтауынан алып, анасына аман тапсырды. Бала зардап шеккен жоқ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіруге шақырады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button