Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда құтқарушылар марапатталды

Құтқарушылар күні мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сала үздіктері марапатталды. Кейбір қызметкерлерге кезектен тыс атақтар табысталды, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Суреттерді түсірген Александр Марченко

– Бұл күн – жай ғана мереке емес. Бұл – отыз жылдық еңбектің нәтижесі, қиын-қыстау сәтте көмекке келуге, адам өмірін сақтап қалуға әрдайым дайын болудың айғағы. Облыстың төтенше жағдайлар жүйесінде бүгінде екі мыңға жуық адам қызмет етеді. Олардың қатарында әскери қызметкерлер, азаматтық мамандар және мемлекеттік қызметшілер бар. Барлығыңыз – ел сенім артқан, құрмет тұтатын үлкен ұжымның мүшесісіздер. Соңғы бес жылда тек біздің өңірде сегіз мыңнан астам адамның өмірі құтқарылды. Баршаңызды Құтқарушылар күнімен және министрліктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін, – деді құтқарушыларды мерекелерімен құттықтаған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Өңірде төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл жаңа техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары және спутниктік байланыс құралдары сатып алынды. Теміртаудағы өрт сөндіру бөліміне күрделі жөндеу жүргізіліп, облыс көлемінде алты нысанда реконструкция жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында бес жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды.

Қарағанды облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаев өз сөзінде құтқарушы мамандығының ерлік пен жауапкершіліктің символы екенін атап өтті:

– Бүгін біз үшін ерекше күн – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар ішінде біздің қызметкерлер талай сынақтан өтіп, кәсіби шеберліктерін жетілдірді. Құтқарушы – Бүгін біз үшін ерекше күн – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар ішінде біздің қызметкерлер талай сынақтан өтіп, кәсіби шеберліктерін жетілдірді. Құтқарушы – бұл жай ғана мамандық емес, батылдық пен адамгершіліктің жолы, – деді ол.

Мереке қарсаңында Теміртау қаласындағы жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Игорь Никулин «Құтқарушы» төсбелгісімен марапатталды.

– 2014 жылдан бері Теміртау қалалық құтқару бөлімшесінде жұмыс істеймін. Балалық арманым орындалып, таңдауыма еш өкінген емеспін, – деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті 1995 жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың салдарын жою, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган ретінде құрылған болатын.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button