АймақЖаңалықтар
Қарағандыда құтқарушылар арасында республикалық спартакиада өтеді
Қарағандыда 20-21 ақпан аралығында волейболдан және арқан тартыстан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XIV қысқы спартакиадасы өтеді.

Спартакиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің 25 команда қатысады деп жоспарлануда. Ресми ашылу салтанаты 20 ақпан күні сағат 09:00-де «Жастар» спорт кешенінде өтеді. Валейбол ойындарын «Жастар» спорт кешенінен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясынан, «Динамо» мамандандырылған оқу орталығынан, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінен тамашалауға болады. Аркан тартыс бойынша топтық және финалдық ойындар Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде өтеді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.