АймақБас тақырып
Қарағандыда су құбыры жарылып, тұрғындар сусыз қалды
«Қарағанды Су» ЖШС Ә.Молдағұлова, 8 көшесіндегі су құбырында апат орын алғанын хабарлайды.
Қалпына келтіру жұмыстары 24 шілдеде сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі. Осы уақыт аралығында Сұрыптау елдімекенінің бірқатар көшелеріне су беру тоқтатылады:
Ә.Молдағұлова көшесі, 2/2, 3/2 ,4 ,4/1, 4/1 а , 4/2, 4/3, 5/1, 5/2, 6/2, 6/3, 6/4 үйлер.
3-көше, 3, 5-үй;
4-көше, 3-үйлер;
5-көше, 1,3, 6, 8-үйлер.
6-көше, 2, 6-үйлер;
Театр көшесі, 83 ,102 ,104, 106-үйлер.
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрап, қажет суды толтырып алуды сұрап отыр.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz